Электркөліктер келе бастағалы біраз болды ә? Электркөлік сататын компаниялар жарнама жасауымызды сұрайды. Ал жай ғана пікірін айтып бере алатын көлік иелері бар ма екен? Аноним болса да. Мақалаға қажет еді.
Хизбалла соншалықты Израильге қарсы шығамын деп, Моссадтың пейджер-шабуылына тап болды. Бірақ Израиль билігі мұны растамай отыр. Енді рациялары жарылып жатыр екен. Лаңкестерді ақтағаным емес, бірақ мұндай шабуыл соғыс заңына қарсы емес пе?
Қырғыздың мына блогері Кенесарыны Тайсар деген "қазақ" өлтірді деп қоймай отыр :) Тайсара деген қырғыз екенін айтып отырсам да, өз тарихын оқығысы келмей, тақырыптан қашты.