Жыл басынан бері елімізде мұнай өндіру көлемі 45,7 млн тоннаны құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 91,6 пайызға тең.
https://t.co/HXVZe51aDS
Индонезиядағы Орталық Сулавеси провинциясында магнитудасы 5,1 болатын жер сілкінісінен кейінгі эвакуация кезінде бір адам мерт болды. Табиғи апаттан тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға зақым келіп, кейбірі қирады
https://t.co/aQ6Q7ygsWs
Ғалымдар алғаш рет қазақстандық «Алтын адамның» толық геномын зерттеп шықты. Соның нәтижесінде темір дәуіріне жататын бұл археологиялық олжаның ер адамға тиесілі екені дәлелденді.
https://t.co/tfzZXuqYZS
Қазақстан паспорты Global Passport Index 2026 рейтингінде Орталық Азия елдері арасында бірінші орынға ие болды. Жалпы тізімде республика 109-орынға орналасып, өңірдегі барлық көрші мемлекетті басып озды.
https://t.co/v8KebPXCNr
Әділет министрлігі АҚШ азаматтығын алмаған тұлғалар дауыс берген жағдайда сайлау қызметкерлері қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті
https://t.co/vdHw1Iz16N
Бауыржан Орынбасаров «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды. Бұл туралы Самұрық-Қазына Қорының баспасөз қызметі хабарлады.
https://t.co/iDdbE8jwUi
Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында елдегі табиғи газ бен мұнайға ілеспе газдың қорын атады.
https://t.co/U8dROXPHat
Астанада Орталық сайлау комиссиясы жанындағы Сараптамалық кеңестің отырысында жаңа Конституцияға сәйкес әзірленген сайлау заңнамасындағы өзгерістер талқыланып жатыр.
https://t.co/8pU6nEUPKV
Жаңа Конституция мемлекеттік институттарды дамытудың жаңа кезеңі жол ашпақ. Бұл туралы Kazinform агенттігіне берген сұхбатында Ресей ғылым академиясының Қытай және қазіргі Азия институтының директоры Александра Перминова айтты.
https://t.co/Am8dxUNjDI
Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистика саласы еліміздің ұзақмерзімді даму стратегиясындағы маңызды бағыттардың бірі екенін Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысында айтты.
https://t.co/l68XJp55nX
Citigroup компаниясының тұтынушылармен жұмыс бойынша бас басқарушысы Дэвид Ливингстон ҚР Президенті жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысында Қазақстанның цифрлық саладағы жетістіктеріне баға берді.
https://t.co/cJqxzOshPn
Израиль әскері Ливанның оңтүстігінде 200 метрден астам жер асты тоннелін қиратты, олардың мәліметінше, онда қару-жарақ сақталып, зымыран шахталары орналасқан
https://t.co/H0fQbPQihH
Сенаттың соңғы отырысынан кейінгі брифингте Мәулен Әшімбаев енді инфрақұрылым қалай қолданылатыны жөніндегі журналистер сұрағына жауап берді.
https://t.co/6254FBINyA
Парламенттің 30 жылдық бай тәжірибесін қабылдап, жаңа форматта, жаңа мәртебеде жұмыс бастайтын Құрылтайдың алдағы қызметі сәтті болады деп сенеміз. Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлім етті.
https://t.co/8s9JhD1QHT
Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нотариаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екі оқылымда қаралып, мақұлданды.
https://t.co/4PkBzWRwqM
АҚШ пен Иран тағы бір соққылар алмасудан кейін шабуылдарын тоқтатуға келісті. Тараптар Қатарда Ормуз бұғазындағы кеме қатынасы талқыланатын 30 маусымға дейін бір-біріне соққы жасамайтынын уәделесті
https://t.co/x7DAoU9ysu
Шілде айында ауа температурасы жоғарлаған сайын құрғақ құбылыстарға бейім аудандардың ұлғаю ықтималдығы сақталады, жауын-шашын көбінесе жергілікті және қысқа мерзімді болады
https://t.co/h5tyFpawIs