деп жүрсем, жұмақтың төрінде жүр екен ғой. Негізі әңгіме “5:32” сериалынан басталып еді, бірақ әңгіменің соңы дәл осылай бітеді деп ойлаған жоқпын.
Өмірде қандай жағдай орын алса да, адамгершіліктен жұрдай болмайық, хайуанның күйін кешпейік!
Осыдан 14 жыл бұрын болған бір оқиғаны естіп, шок болып қалдым. Бірінші сыныпта бірге оқыған Айдана деген қыз екінші сыныпта сабаққа келген жоқ. Қатты араласпайтын, танымайтын едім, сол себепті де “неге келмеді екен?” деп қатты мән берген жоқпын, сүйтсе
оны біздің ауылдағы досымның көршісі әрі құдасы зорлап, өлтіріп тыныпты. Қыздың әкесін бұл жайтқа шыдай алмай асылып қалды, ал ана қылмыскерді 10-12 жылға түрмеге жіберді деп айтты маған. Байғұс Айдананы оқуға қалаға кеткен шығар, неге араласпай кетті екен