Маған бәрінен қатты сенетін — Алматы Марафон. Екі жыл бұрын 10км жүгіріп, кейін марафон дегеннің маңына да жоламадым. Бірақ әлі осындай хаттар келеді, қайтып оралатыныма сенеді💔
Бассейнде 80-дегі атаның әңгімесін естіп қалдым:
— Кемпірім екеуіміз қыстай осыған келеміз. 1 сағат моншасында отырамыз, 1 сағат шомыламыз. Солай уақыт өтіп жатыр.
— Жас көрінесіз, 80 бермес ем сізге)
— Қартайғанша бір кемпірмен тұрғасын шығар…
role model ата💔
@frenchbaursaq Сол кезде мама-папасына еріп барып, жылда соның концертін күткен балалар қазір ақша төлей алатын жасқа жетіп, кезіндегі жұлдызын қайта жандандырып жатқан сияқты. Өзім сондай балалардың бірімін)
Папам екі-үш күнге Алматыға келген. Бүгін кешкі шайда ауылда не кәсіп бастауға болатынын талқылап отырсақ, папа «60-тан кейін маған енді саяхат қызық, жиналып қалған кітаптарды оқу қызық» дейді. Әке-шешем біз үшін шапқылай бермей, ақыры өздерін ойлай бастағанына қуанып отырмын.