Spotify, Apple Music - секілді платформаларға әннің сөздерін жазып, синхрондап, кейде қазақ тілінен ағылшынға немесе керісінше аударамын. Қазақ контентін дамытуға атсалысудамын. T’oi-дың бар сөзінмен жазғанмын. Система мені Juz ent. жұмысшысы ретінде тіркеп жіберген😂
Бір ай бұрын Treads ашып отырып көрдім. Халқымыздың деңгейі соншалықты төмен деп ойламадым. Күнделікті ішкен-же��енін, жігіті, қызы жоқ екенін, бір-бірін жамандап жазған постттар. 1 апта мүмкіндік бердім қосымшаға. Ештеңе ұнамады
Ұтқырлық бағдарламасымен Чех республикасына бардым. Чех тілі славян тіл тобына жататын болғандықтан түсіну қатты қиын болмады. Жарты жылда үйреніп алуға болар еді, бірақ, тілдің дыбыстарлуы таза, айқын болмағандықтан тілімді бұзып аламын деп қорықтым.
Қазақ бола тұрып, төл дыбыстарымызды дұрыс айта не орынды қолдана алмайтындарды - осуждаю. 9 әріп/ дыбыс бізге керек болмағанда кімге керек? Ң дыбысын/әріпін орынсыз қолданатындарға/ қолданбайтындарды бөлек осуждаю🚩
Мен өзім логопед мамандығына оқы�� жатырмын, сондықтан да өмірімде жеңіл тіл бұзылысы бар адамдарды кездестіргенде құлағымнан қан ағады. Егер адамның оны түзетуге қаржылай жағдайы болмаса мейлі деп қоя саламын. Бірақ, көбіне жағдайы бар адамдар көп дыбыстарды дұрыс айтпайды…
Францияның Альпы тауларында болдым. Ол жақта фермерлер көп болған соң нағыз француз ірімшіктерінен дәм тату бұйырыпты. Айтарым, француздардың ірімшіктерінің алуан түрлілігін өміріңде бір рет болсын ауыз тиіп көру керек. Дәмі тіл үйіреді
Ағылшын тілінде көптеп сөйлеген соң easygoing болып кетеді екенсің. Осы күнге дейін көп нәрсеге қарсы болған жоқпын, тек әңгімеге көп берілмейтінмін. Енді тіптен бір crazy open minded болып кеттім
Мен осыған дейін эмоциямды іште сақтайтын едім. Оларды қанша рет сыртқа шығаруға тырыссам да тура сол кейіпте шығара алмайтынмын. Еуропаға барып, біздің менталитеттің өзі бізді қатты шектейтінін түсіндім. Әр тілдің өз мінезі бар дегенді естіген боларсыңдар
Жұма соңғы емтихан. Сосын дем аламын ба? Жо-жо-жоқ, ағылшын мен чех тілін ��қу керек. Логопедия оқу керек🤩 Бұл универмен салыстырғанда түк емес негізі🤪