2018 жылғы 4 қазанда еліміздегі Корея Республикасы Елшілігі мен Ұлттық музей бірлесіп ұйымдастырған «Күлімдеген әлем» атты көрме ашылды.
Ли Чольсудың бүкіл әлемге әйгілі графикалық туындылары қазақстандықтардың да назарына ұсынылып отыр.
Көрме 25 қазанға дейін жалғасады.
2018 жылғы 6 маусым күні Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Астананың 20 жылдығын мерекелеу аясында «Третьяков галереясы топтамасынан ХХ ғасырдың 50 жауһары» атты көрме ашылды.
2018 жылғы 26 мамыр күні Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Астана қаласының 20 жылдығына орай «Астана – рухы мықты адамдар қаласы» бағдарламасының аясында «Мейірім» І балалар шығармашылығының инклюзивті музейлік фестивалі өтті.
Назарларыңызға «Қазақстан-Ұлы Дала Елі» қосымшасын ұсынамыз. Қосымша география, тарих, мәдениет, экономика, туризм және халықаралық қатынастар сияқты кең ауқымды тақырыптарды қамтитын Қазақстанның шынайы ықшам энциклопедиясы болып табылады.
Сілтеме: https://t.co/fX7suPTNt2
Бүгін, 22 мамырда Баку қаласындағы Әзербайжан тарихы Ұлттық музейінде «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» атты жоба аясында «Ұлы дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары» көрмесі ашылады.
https://t.co/tQW8WSKHTw
2018 жылғы 18 мамырда сағат 18:00-24:00 аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Музейлер түні» акциясы өтеді.
18 мая 2018 года с 18.00 до 24.00 часов в Национальном музее Республики Казахстан пройдет акция "Ночь музеев".
2018 жылғы 28 маусымда Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Гран-Пале – Францияның Ұлттық музейлер бірлестігеннен келетін «Поль Серюзье және Бретань: аңыздар сиқыры» бейнелеу өнері көрмесі ашылады.
15 маусымда Ұлттық музейде Астананың 20 жылдық мерейтойына орай «Ұлы Моғолдар. Тарих жәдігерлері» атты көрме ашылады. Көрмеде Ұлы Моғол мемлекетінің құрылуымен, дамуымен және билеушілерімен таныстыратын жәдігерлер ұсынады. Көрме 2018 жылдың 16 қыркүйегіне дейін жалғасады.
Астананың 20 жылдығына орай 7маусымда Ұлттық музейде «Третьяков галереясы топтамасынан ХХ ғасырдың 50 жауһары»атты сурет өнері туындыларының көрмесі ашылады. Көрмеге «Қиық балта» көркемсурет бірлестігіне кіретін орыс авангардының әлемге танымал суретшілерінің туындылары қойылады
2018 жылғы 17-25 сәуір аралығында ҚР Ұлттық музейінде Египет, Вьетнам, Норвегия және Оңтүстік Корея мен Ресей Федерациясынан қонақтар келіп, қазақ халқының бай мұрасымен танысты.
Ұлттық музейде Астана қаласының 20 жылдығына орай «Астана: өткені мен бүгіні» тақырыбында дәріс өтті.
Дәрістің мақсаты – оқушылардың туған өлке тарихына деген сүйіспеншілігін арттырып, Астана туралы жан-жақты мағлұмат беріп, туған қала туралы білімдерін кеңейту.
ҚР Ұлттық музейі Алматы қаласындағы Гете Институтының шығармашылық жобасы бойынша жарық көрген «Жүректен жүрекке» атты әдеби жинақтың тұсаукесер рәсіміy өткізді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында Мәшhүр Жүсіп Көпейұлы мен Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 160 жыл толуына орай «Дала даналары» атты дөңгелек үстел өтті.
Ұлттық музей «ЕРКІНДІК» қорымен бірлесіп Қазақстанның Халық суретшісі Еркін Мергеновтің «Еркін Мергенов. Уақытты сезіну» атты көрмесі ашты. Көрме «Қазақстан заманауи өнері тарихындағы тұлғалар» жобасы аясында ұйымдастырылып отыр.
Ұлттық музейде «Клуб добряков» еріктілер қозғалысының негізін салушы Гүлмира Әбдірашевамен кездесу өтті.
Кездесу барысында «Клуб Добряков» бірлестігінің құрылуы, оның қайырымдылық істері мен Астана қаласындағы клубтың атқаратын қызметі, еріктілер қозғалысы туралы сөз болды.