13.07.2026 жыл.
Дәуір доңғалағы айналып,заман өзгергенімен, оның басты кейіпкері адамның, адамға тән қасиеттері өзгермей қалып отырады.📚
Жұмахмет Жайлаубаев ✍️✅
13.07.2026 жыл.
Мемлекет және қоғам қайраткерлері, ҚР Парламентінің VIII шақырылымының депутаттары Ж.Нұртөре, Б.Керімбекпен бірге ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдаструымен “Рәміздер рухы - Конституция күші” тақырыбында республикалық семинарға қатысып сөз сөйледік.
12.07.2026 жыл.
Бүгін мемлекет және қоғам қайраткерлері Өксікбаев Омархан Нұртайұлы, Мүсәпір Жанұзақ Керімбекұлы, Керімбек Болат Бақбергенұлымен бірге Астана қаласында өткен “Бай қымыз” фестиваль - жармеңкесіне қатыстық.
6.07.2026 жыл.
Қадірлі ағайын!
Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Астана – еліміздің мақтанышы, бірлігі мен жарқын болашағының символы.
Әр шаңырақтың бақ-берекесі, шаттық пен мол ырысы, несібесі төрінен орын алсын! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы болсын!
4.07.2026 жыл.
Кей жігіттердің бір-бірімен сыйыса алмайтын, сыйымсыз мінезін, кесірі көп келеңсіз әдетін, кердең қылықтарын көріп,
естіп еріксіз күйінесің.📚
Сағат Әшімбаев ✍️ ✅
30.06.2026 жыл.
Бүгін ҚР Парламенттегі мәртебелі қызметім аяқталады.
Мен үшін Парламент – баққұмарлық пен таққұмарлықтың ортасы емес, ел қамын ойлаған азаматтық пікірдің ордасы болды.
Толық ақпаратты менің Instagram, Facebook, VK парақшаларымнан көре аласыздар.
3.07.2026 жыл.
ҚР Парламенті Сенатының 30 жылдық еңбегі тарих қойнауынан орын алды. 30 маусымда Парламенттің сессиясы ресми түрде жабылды. 1 шілдеден жаңа Ата заңымызға сәйкес Парламенттің өкілеттігі тоқтатылды.
Ақпаратты Instagram, Facebook, VK парақшаларымнан көре аласыздар.
30.06.2026 жыл.
Бүгін “ҚР Парламентіне 30 жыл” мерекелік медалімен және ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің “Ғарыш саласын дамытуға қосқан үлесі үшін” медалімен марапатталдым.
Әріптестеріме мың алғыс!
30.06.2026 жыл.
Бүгін ҚР Президенті Тоқаев Қасым - Жомарт Кемелұлының қатысуымен ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы өтті.
Мемлекет басшысы ауқымды баяндама жасап, Парламенттің 30 жылда атқарған жұмыстарына тоқталды.
Парламент депутаттарына алғысын білдірді.
29.06.2026 жыл.
“Astana Ballet” театры 2012 жылы құрылған. Театрдың алғашқы концерті 2013 жылдың шілде айында көрсетілді.
Канетов Нұрлан Исмағұлұлына, Абубахриева Мукарам Сайдакимовнаға алғыс білдіремін.
29.06.2026 жыл.
Бүгін Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары мен аппарат қызметкерлерін ҰҚК, Қорғаныс, Төтенше жағдай, Ішкі істер министрліктерінің ведомствалық медальдары мен Мақтау қағаздармен марапаттады.
29.06.2026 жыл.
ҚР Парламенті Сенатының Палата отырысы:
ҚР Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы ҚР Қырғыз Республикасындағы Елшілігінің және Қырғыз Республикасының ҚР Елшілігінің жер учаскелерін өзара өтеусіз пайдалануға беру туралы елісімі.
29.06.2026 жыл.
ҚР Парламенті Сенатының тарихи, соңғы Палата отырысында Мәжіліс қабылдаған 7 заң мақұлданды, олар бойынша 8 баяндама жасалды, 6 сұрақ қойылды.
1 - заң бойынша баяндама оқыдым.
Толық ақпаратты менің Instagram, Facebook, VK парақшаларымнан көре аласыздар.