- Кеше сіздің пьесаңыздың тұсаукесерінде болдым және түнімен ұйықтай алмадым.
- Пьеса тебіренткен болып тұр ғой?
- Жоқ, театрда ұйықтап алдым...
Халықаралық театр күні құтты болсын, достар!
#ӨмірдіңӨзіНовелла
Бүгін желіде көп талқыланған екі тақырып: Елбасының тұрғын үйге қатысты "7-20-25" бағдарламасы және "Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі" "былықтар"...
#ӨмірдіңӨзіНовелла
Үлкен компанияның пиаршысы жекеге шығып постына лайк пен пікір сұрап отырған соң, аз бюджетпен көп шаруа атқарғысы келіп жүрген достарымды өте жақсы түсіне бастадым!
#ҚыртуғаОңай
Дәл қазір #ШырайлыШымқала мэрі Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев кәсіпкерлермен кездесуде. Осыны пайдаланып мен де #ҰлысымныңҰйытқысыОңтүстік-те 213 мың кәсіпкерлік субьектісі тіркелгенін және олардың 177 мыңға жуығы кәсіппен белсенді түрде айналысатынын айта кетейін.
Бүгін телеграмдағы біраз каналдан, фыбыдағы біраз топтан шығып, фыбыдағы біраз негатив кісілерден подписканы алып тастадым. Ливерпуль де қарсыласын 4-1 жеңіп, жақсы көңіл-күй сыйлады. Қайырлы түн, позитив жазатын жақсыларым!
#YNWA
Бүгінгі жағымды жаңалық: Келесі жылдан бастап 10-11 сынып оқушыларына "Кәсіпкерлік негіздері" атты сабақ өтілетін болады. Ең басты ерекшелік - бұл сабақты кәсібі жоқ мұғалім емес, бизнесі бар танымал кәсіпкерлерден әр апта біреуі өтеді. Өте дұрыс!
#ҰлыДалаБлоггері
- Асеке, неге #klout ұпайың жоғары?
- Ціккірбектің жаңа алгоритмына дейін де фейсдюкта тек өмірде көрген адамдармен ғана достасатынмын онсыз да. Желідегі əрбір досым мен үшін құнды, Шүкірəлі!
"Латын әліпбиіне қатысты пост жазғаны үшін блогерлерге қаржы төленеді" дегенде классик блоггерлерді айтып тұр ма, әлде әлеуметтік желілердегі бәлеқорларды ма?
#менімазалайтынсұрақтар