Eid al-Fitr delighted us.
After 7 years of hard work, my princess Bibinur was rewarded with a first serious milestone in rhythmic gymnastics!
Allahu akbar!
Елінің Әзиза да алтын қызы,
Өшпейді көз алдыдан жарқын жүзі.
«Шығыстың шынарындай» еңбегі бар,
Қалғанның арманы жоқ артында ізі...
Ұрпағы оның ізін суытпайды,
Әспеттеп атақ-даңқын ұлықтайды.
Біреулер ұмытса да бірге жүрген,
Қазағы Әзизасын ұмытпайды.
Тебіреніп алған сайын қолға қалам,
Күні жоқ туған елін толғамаған.
Ойларын самғататын қуат алып,
Асқар тау, асау өзен, кең даладан.
Ұрпағы шалқып өссе толқын атып,
Табады болашақта халқы бақыт.
Қазақтың қызы осындай болады деп,
Ортасын отыратын жарқыратып.
Шықты деп қазақ қызы топты жарып,
Бөрікті аспанға аттық бек қуанып.
Дариға, озып туған сол апамыз,
Жұлдыздай жарқ-жұрқ етіп өтті жанып.
Таланты қаршадайдан көзге ілініп,
Білімде инеменен қазды құдық.
Ғылым мен парасатты тең ұстады,
Әрқашан халқына айтар сөзді біліп.
Бүгін менің пірім – ардақты Анашым - филология ғылымдарының докторы, профессор, белгілі жазушы, танымал қоғам қайраткері Әзиза Нұрмаханованың бұл фәни дүниені тастап, мәңгілік мекенге, Раббыма қайтқан күн.
Дүниедегі ең жек көретін күнім осы...